ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТТАРЫМЕН КЕЛІСЕМІН
Ақтау қ., 2023 ж.
Бұдан әрі «Оператор» деп аталатын «TETHYS AKTAU II» ЖШС («TetysBlu» тақырыптық паркі), және бұдан әрі «Клиент» деп аталатын, бірлесіп «Тараптар» деп аталады, кез келген жеке немесе заңды тұлғаға Интернет желісінде онлайн – төлемді жүзеге асыруды ұсынады.
Осы ұсыныс Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-баб. сәйкес жария оферта (бұдан әрі – «Шарт»), Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-баб. сәйкес Сатып алушымен конклюденті әрекеттерді жүзеге асыру - Оператор Сайтында орналасқан «Мен келісім шарттарымен келісемін»/ «Қабылдау» батырмасын басу бойынша шарттарды толық және сөзсіз қабылдау болып табылады.
1. ШАРТ МӘНІ
-
1.1. Оператор Клиентке Интернет желісі арқылы бронь бойынша онлайн төлемді жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады.
-
1.2. Осы онлайн-төлемді жүзеге асыру кезінде Клиент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге өз келісімін береді. Келісім толық көлемде, қандай да бір ескертулерсіз және наразылықтарсыз ұсынылады.
2. ОПЕРАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
-
2.1. Оператор Клиенттің электронды мекенжайына және мобильді телефонына ақпараттық және жарнамалық сипаттағы электронды хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуге құқылы. Сонымен қатар, Оператор мекенжай мен Пайдаланушы туралы өзге мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеді.
-
2.2. Оператор кез келген сәтте өзгертілген талаптардың Сайтта жариялануын қамтамасыз етіп, осы Шарт талаптарын бір жақты тәртіпте өзгертуге құқылы.
-
2.3. Егер Клиент кіруге дейін 24 сағаттан аз мерзім бұрын жүгінсе, Опертор бронь үшін ақша қаражатын қайтаруды жүргізбеуге құқылы.
3. КЛИЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
-
3.1. Клиент кіруге дейін 24 сағат және одан астам тәулік бұрын қаражатты қайтаруды сұратуға құқылы. Осы жағдайда броньды қайтару айыппұлдық санкцияларды қолданусыз жүзеге асырылады және ақша Клиент Операторға жүгінген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтарылады.
-
3.2. Клиент кіруге дейін 24 сағат және одан кем тәулік бұрын қаражатты қайтаруды сұратуға тек форс-мажорлық жағдайларда құқылы.
-
3.3. Осы онлайн-төлемді жүзеге асыру кезінде Клиент өзекті, дұрыс және нақты ақпараттың, оның ішінде жеке деректердің, банк картасы бойынша ақпараттың, байланыс ақпаратының және т.б. енгізілуіне кепілдік береді.
-
3.4. Осы сайтта банк картасымен төлеу жағдайында Клиент Клиенттің атына шығарылған банк картасының пайдаланылатынына кепілдік береді.
-
3.5. Сатып алушы Оператордың ішкі ережелерімен (этикет ерекшеліктері, дресс-код, келу ережелері және т.б.) өздігінен танысуға міндетті.
4. ФОРС-МАЖОР
-
4.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін еңсерілмейтін күш жағдайлары уақытында орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш ретінде Тараптармен осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін төтенше және еңсерілмейтін жағдайлар тұжырымдалады. Оларға мыналар жатады: оқыс құбылыстар; ядерлік жарылыс әсері, радиация (иондаушы сәулелену) немесе ядерлік қару материалдарымен радиоактивті жұқтыру, өндірістік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының немесе радиоактивті қалдықтардың әсері; соғыстар, әскери басып кіру, шетелдік жаудың дұшпандық әрекеттері, әскери маневрлер және олармен байланысты әскери сипаттағы іс-шаралар; азаматтық соғыс, қарулы бүлік, әр түрлі халық толқулары, жаппай тәртіпсіздіктер, билікті күштеп басып алу немесе күштеп ұстап тұру; эпидемиялар, эпизоотиялар, метеожағдайлар, лаңкестік әрекеттер, ереуілдер, тартып алулар, тәркілеулер, реквизициялар, ұлт меншігіне алулар және т.б. Жоғарыда аталған жағдайлар орын алған тарап барынша қысқа мерзімді екінші тарапты олардың орын алуы туралы хабардар қылуы тиіс. Осы ретте жалпыға мәлім жағдайлар қандай да бір растауды талап етпейді, қалған жағдайларға байланысты сәйкес растайтын құжаттар қоса тіркелуі тиіс, оның ішінде, мұнымен шектелмей, құзыретті мемлекеттік органдар берген құжаттар қоса тіркелуі мүмкін.
5. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН ДАУЛАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ
-
5.1. Туындауы мүмкін барлық келіспеушіліктер немесе даулар, мүмкіндігінше, тараптармен келіссөздер арқылы реттеледі.
-
5.2. Клиент дұрыс емес мәліметтер мен ақпаратты ұсыну және енгізу үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
-
5.3. Осы сайтта онлайн-төлемді жүзеге асыру нәтижесінде даулар туындаған жағдайда, Клиент осындай даудың Оператордың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының соттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қарастырылатынын растайды.
-
5.4. Ұсынылатын Қызметтер бойынша Клиенттің наразылықтары Оператормен тек жазбаша түрде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте қабылданады және қарастырылады.
-
5.5. Жүйені пайдалану кезіндегі Сатып алушының заңға қайшы әрекеттері нәтижесінде оның кінәсін анықтау кезінде техникалық мәселелерді шешу үшін Оператор сарапшылар ретінде құзыретті ұйымдарды өздігінен тартуға құқылы. Сатып алушының кінәсі анықталған жағдайда, ол сараптаманы жүргізуге қатысты шығындарды өтеуге міндетті.
6. ОПЕРАТОРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
«TETHYS AKTAU II» ЖШС («TetysBlu» тақырыптық паркі)
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Жылы жағажай, 34
Банктік деректемелері:
-
БСН: 201240011968
-
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
-
БСК: HSBKKZKX
-
Кбе: 17
-
ЖСК: KZ726010231000519341 (KZT)
-
ЖСК: KZ386010231000519371 (EUR)
-
ЖСК: KZ936010231000519351 (USD)
-
ЖСК: KZ176010231000519361 (RUB)